Тегеранда Францияға қарсы наразылықтар басталды

435

Ашу-ызаға булыққан Иран режимінің қатал жақтастары "Франция жойылсын! Израиль жойылсын! АҚШ құрысын!" ұрандарымен Тегерандағы француз елшілігінің алдында жиналды. 

Тегеранда Францияға қарсы наразылықтар басталды Фото: IRNA

Олар 2015 жылы Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен суреттер үшін қызметкерлері жиһадшылардың құрбаны болған француз сатиралық Charlie Hebdo журналында пайда болған жаңа суреттер - Ислам республикасының көшбасшысы аятолла Али Хаменей карикатурасына наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Шеруге шыққандар шариғат заңдарын қатаң сақтады: ер адамдар бөлек, әйелдер бөлек тұрды, бірақ бәрі бірдей құрметпен Хаменейге, олардың рухани көшбасшысына адалдықтарын көрсетті.

Ислам республикасының билігі Франция Үкіметіне жауапкершілік жүктей отырып, журналдың жарияланымдарына қатты жауап берді. Иран СІМ "өзінің исламдық, діни, ұлттық құндылықтарының тапталуына жол бермейтінін" және Францияның "сөз бостандығы сылтауымен оларды қорлауға құқығы жоқ" екенін мәлімдеді.

Революциялық гвардияның Бас қолбасшысы Charlie Hebdo қызметкерлеріне 2022 жылдың тамызында америкалық Нью-Йорк штатында жазушы Салман Рушдиді қалай жазалағандарын еске салды. Рушди сол кезде ауыр пышақ жарақатын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу