Алдын ала тергеу нәтижелері Израильдің Палестинаның радикалды ХАМАС қозғалысының саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияны өлтіргені үшін жауапкершілігін растайды. Бұл туралы Иран Fars агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Шабуыл кезінде Хания Тегеранның Зафарания ауданында орналасқан резиденциясының төртінші қабатында болған. Ғимаратқа снаряд түсіп, шатырдың бір бөлігі қирады.
"Бұл әскери әрекетті Израиль режимі жасады", — деді агенттік.
Хания 31 шілдеде Тегерандағы шабуыл кезінде қаза тапты. Иран президенті Масуд Пезешкианның ұлықтау рәсіміне қатысқаннан кейін ХАМАС саяси бюросының басшысының резиденциясына соққы жасалды. Бұл оқиғаның себептері зерттелуде, деп хабарлады Ислам революциясының қамқоршылар корпусы (КСИР). Сонымен қатар, Иран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын талап етті.
Иран СІМ өкілі Насер Канани Палестина халқына көңіл айтты, ал Пезешкианның өзі саяси бюро басшысын өлтіргендер "әлі өкінеді" деп уәде берді. Сол күні Иран басшысы Хаменеи Ханияны өлтіргені үшін Израильге соққы беруге бұйрық бергені белгілі болды.