banner

Тегін дәрімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша байланыс орталығы іске қосылды

857

Тегін дәрімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша байланыс орталығы іске қосылды

Тегін дәрілермен қамтамасыз ету мәселелері бойынша байланыс орталығы іске қосылды. Науқастар Қазақстанның барлық өңірінен тегін 1439 нөміріне кез-келген қалалық телефонан қоңырау шала алады, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Байланыс орталығының операторлары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде диспансерлік есепте тұратын және амбулаториялық емдеуді ала алатын пациенттер үшін тегін босатылатын қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізудің мерзімдері, көлемдері және жоспарланған мерзімі туралы ақпаратты береді", - деді ҚР денсаулық сақтау министрлігінің фармация комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қаңтарында медициналық ұйымдарда тегін дәрілердің бар болуы туралы электронды бірыңғай анықтама іске қосылады. Анықтама интерактивті картаның форматында жасалған, онда науқастар медициналық ұйымдардың дәрілік заттарға өтінімдері бойынша барлық ақпаратты, өтінімдегі дәрі-дәрмектерді атаулары мен көлемі, олардың қазіргі кездегі бар болуы, сондай-ақ келесі жеткізу уақыттарын онлайн режимде өздері көре алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу