Тегін қызметке пара сұраған шымкенттік шенеунікке үкім шықты

1537

1,2 млн теңге алғаны үшін 3 жылға сотталды.

Тегін қызметке пара сұраған шымкенттік шенеунікке үкім шықты

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының бұрынғы бас маманына қатысты тергеуді аяқтағанын мәлімдеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте аталмыш істің мән-жайы баяндалды.

"Ол алаяқтық жолмен жайылымдарды суландыру үшін ұңғыма бұрғылауға рұқсат беретін құжатты алуға жәрдемдесемін деген сылтаумен ЖШС өкілінен 1 млн 275 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген болатын. 11 ақпанда Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен У. Алпысбаев 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырылды", – деді агенттіктің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу