Тегін медициналық көмек пойызы жолға шығады

602

Тегін медициналық көмек пойызы жолға шығады

Еліміздегі алшақ станция тұрғындары негізгі медицина саласының білікті мамандарына тегін қаралып, тегін емделе алады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры Лима Диас мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл мүмкіндік медициналық қызмет сапасын арттыру және медициналық қызметті қолжетімді ету мақсатында ұйымдастырылған "Медициналық пойыз" әлеуметтік жобасы аясында беріледі.

11 сәуірден бастап "Саламатты Қазақстан", 18 сәуірден бастап "Денсаулық" пойызы жолға шығады. Пойыздар заманауи диагностикалау және емдеу жабдығымен: компьютерлік спирометриялық жүйемен, эхоэнцефалограф, бейнегастрофиброскоп, кардиологиялық мониторлы жүйемен, рентген, стоматологиялық, ЛОР және офтальмологиялық заманауи құралдармен жабдықталған.

"Саламатты Қазақстан" пойызы 6 қарашаға дейін еліміздің орталық, солтүстік, шығыс және батыс өңірлер бөлігін қамтиды. Ал "Денсаулық" пойызы 18 сәуірден бастап 20 желтоқсанға дейін оңтүстік және батыс өңірлерді аралап шығады.

Әр медициналық пойыз консультативті диагностикалау үшін арнайы жабдықталған 8 вагоннан тұрады. Дәрігерлер бригадасының құрамында терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сияқты негізгі бағыт мамандары бар.

Спикердің айтуынша, 2016 жылы осы жоба аясында пойыздар 181 станцияға қатынаған болса, 2017 жылы бұл көрсеткішті 50%-ға арттыру жоспарланып отыр. Яғни биыл Денсаулық пойыздары 250 станцияға тоқтамақ.

Айта кетейік, "Медициналық пойыздар" атты кең ауқымды әлеуметтік жоба 2010 жылдан бастап іске асырылып келеді.

2010-2016 ж.ж.аралығында шамамен 1,5 миллион диагностілеу процедуралары, 4 мыңнан астам шағын амбулаторлық операциялар, 19 телемедициналық консультациялар өткізілді. Осы уақыт аралғында маммолог 44 мың әйелді қараса, 73 мың жергілікті тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді. Жұмыс нәтижесінде пойыз мамандары 394 мың науқасты тіркеді, оның ішінде 49,5 мың науқас бала қаралды. Сонымен қатар жаңадан пайда болған 5 080 ісік анықталды, оның ішінде 257 ісік балалардан табылды. Аталған пойыздар бағытының кестесін https://medpoezd.kz/ сайтынан көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу