Тегін медициналық қызмет көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырған

1061

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің екі кәсіпорынның директорына қатысты ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлады.

Тегін медициналық қызмет көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырған

Тергеу нәтижесі олардың қызмет бабын пайдалана отырып,"Денсаулық" – "Тегін медициналық қызмет көрсету" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Атырау облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ға бюджеттен бөлінген 16,8 млн теңгеден астам ақшаны жымқырғаны белгілі болып отыр.

"Келтірілен залал Атырау облысының Сот сараптамасы институтының қорытындысымен расталды. Келтірілген залалдың соммасы өтелмегендіктен, күдікті тұлғаның мүлкіне тыйым салынды. 04.12.2020 жылы Атырау қаласы №2 сотының үкімімен аталған азаматша кінәлі деп танылып, оған қатысты 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру, медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалды",– деп жазылған комитет хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу