Тегін медициналық қызметтің 464 млрд теңгесі жұмсалды

706

Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 1416 медицина ұйымы атсалысуда

Тегін медициналық қызметтің 464 млрд теңгесі жұмсалды

Жыл басынан бері халыққа тегін медициналық қызмет көрсетуге 464 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды  ATAMEKEN BUSINESSтелеарнасы. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылардың айтуынша жалпы 868 млрд теңге бөлінген.

Бұл өткен жылғы соммадан 6 процентке артық. 2019 жылы мемлекеттік тапсырысты орындауға 1416 медицина ұйымы атсалысуда. Оның ішінде 708 жеке меншік клиника. 2018 жылға қарағанда медициналық мекемелер саны 64-ке көбейген.  Мемлекеттік тапсырысты алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу