Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен хабарланды, деп жазады inbusiness.kz.
"Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбеков ұсталып, қамауға алынды", – деп жазылған хабарламада.
Қылмысты тергеу органдарынан жасырыну үшін тегін "Алтынбековтан" "Алшерге" өзгерткен. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау рәсімі басталған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу