Тегін таксиді мүгедектігі бар кез келген жан пайдалана алмайды

349

Астана әкімдігі мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тегін такси санын ұлғайтуға бекінгені сол еді, сынның астында қалды.

Тегін таксиді мүгедектігі бар кез келген жан пайдалана алмайды Фото: Ашық дереккөзден

Себебі, пилоттық жобаның өзіне 595 млн теңге бөлінсе де, бұл мүмкіндікті мүгедектігі бар кез келген жан пайдалана алмайды. Тек арбасы жоқ, өздігінен жүріп тұра алатындар ғана оған қол жеткізе алады. Онда бұл жобаның не қажеттілігі бар деген сұрақпен азаматтар қала әкімдігіне барды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.   

Бірқатар талап-арызды тыңдаған әкімдік өкілдері халықты сабырға шақырды. Бұл пилоттық жобаға жоғарыда айтылған қаражат бөлінбеген. Әрі бұл жүйе болашақта қолданысқа ене ме, жоқ па тағы белгісіз екен. 

Қазір қалада 2 мың азаматқа ыңғайлы такси қажет. Алайда 500-дей көлік жетіспейді. Сондықтан яндекс арқылы, сынап көріп жатыр. Ондағы жүргізушілер де арнайы оқытудан өткен. Егер жоба сәтті болса, онда бұл жүйеге барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар қосыла алады. Әрі арнайы көлік мәселесі де шешімін табуы тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу