Тегін таратылған гуманитарлық көмекке 341 млн теңге салық салынды

842

341 млн теңге. Қостанайдағы "Грин" қоғамдық қорына осынша салық салынды. Бірлестіктің бар жазығы мұқтаж жандар үшін гуманитарлық көмекті тегін таратуында, деп хабарлайды Atameken Business.

Тегін таратылған гуманитарлық көмекке 341 млн теңге салық салынды

Шілдеде коронавирус дендеген шақта Ресейдің Свердлов облысынан еліміздің Тобыл аймағына медициналық қорғаныш заттары мен дәрумендер жіберілген. Қор төрайымы Динара Өтебаева құны 2 млн теңгеден асатын жәрдемді коммерциялық мақсатта пайдаланбай, соңғы дәріге дейін тараттық дейді. Соған қарамастан мемлекеттік кірістер басқармасы импорттық тауарға қосымша құн салығын есептеп, қыркүйек айында хабарлама жіберген. Ал қараша айында барлық есепшоттарын бұғаттап тастаған. Қаржылай қиындықтарға тап болған соң, қоғамдық қор амалсыздан  341 млн теңгені амалсыз өтеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу