Тегін ҰБТ сынақ тестілеуі іске қосылды

1279

Тестілеуден Ұлттық тестілеу орталығының prob-ent.testcenter.kz сайтында онлайн өтуге болады. Тестіленуші сынаққа қатысу үшін бар болғаны ЖСН-ын енгізіп, бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.

Тегін ҰБТ сынақ тестілеуі іске қосылды

Талапкер сынақ тестілеуінен өту кезінде тест тапсырмаларымен танысып, таңдалған пәндер бойынша өз білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алып отыр. 

Биыл ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы жағдай жасалды. ҰБТ кезінде қосымша 40 минут қосылды. Сонымен қатар биыл бұл талапкерлер үшін алғаш рет суретсіз, сызбасыз және диаграммасыз тапсырмалар әзірленді. 

Биылғы ҰБТ-ның тағы бір жаңалығы – әр пәнге жеке тақырыптық талдау жүргізу. Бұл балалардың өз білімін шыңдауына үлкен мүмкіндік.  

ҰБТ-ға дайындық бойынша тегін онлайн сабақтардың саны артты. 

Ең бастысы былтырдан бастап талапкерлерге калькулятор, Менделеев кестесін және тұздың ерігіштік кестесін пайдалануға рұқсат етілді. Бұл талапкерлер үшін керемет жеңілдік.

Онлайн сынақ Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыратын педагогтер үшін де қолжетімді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу