Тегін үйірмелер бәріне қолжетімді болуы тиіс - Президент

311

Астанаға халықаралық стандарттарға сай аккредитациядан өткен білім ошақтары керек деді, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Тегін үйірмелер бәріне қолжетімді болуы тиіс - Президент Фото: aqtobegazeti.kz

Президент әсіресе, ұстаздардың біліктілігі мен үйірмелердің жұмысына ерекше мән беруді тапсырды.

"Педагог мамандардың тапшылығын толығымен жою – маңызды міндет. Ұстаздардың біліктілігін арттыру мәселесі басты назарда болуға тиіс. Жалпы, қаланың білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтерген жөн. Әзірге бұл бағытта айтарлықтай ештеңе жасалып жатқан жоқ.

Тегін үйірмелер оқушылардың бәріне бірдей қолжетімді емес. Бұған ата-аналар наразы. Бұл шаруа нақты жоспарланбайды. Яғни, қай үйірмеге қанша қаражат қажеттігі дұрыс есептелмейді. Бөлінген қаржының өзі тиімсіз жұмсалады. Тіпті, жалған құжат толтыру жайттары орын алып отыр. Әкімдікке құзырлы органдармен бірлесіп, нақты шаралар қабылдауды тапсырамын. Елімізге халықаралық стандарттарға сай аккредитациядан өткен білім ошақтары қажет. Жоғары оқу орындары көштен қалмауға тиіс. Мен бұған дейін елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының санын көбейту жөнінде тапсырма бердім.

Бұл жұмысты, ең алдымен Астанадан бастау керек. Әкімдік мамандар дайындау үшін университеттермен ынтымақтастықты жандандыруы қажет", - деді елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу