Техас мектебіндегі атыс салдарынан 19 бала қаза тапты

595

Ұлттық терроризмге қарсы операциялар орталығы "бұл оқиғаны террористік акт деп санауға негіз жоқ" деп мәлімдеді.

Техас мектебіндегі атыс салдарынан 19 бала қаза тапты

АҚШ-тың Техас штатындағы Ювальд қаласындағы Robb Elementary School бастауыш мектебінде 18 жастағы жігіт атыс ашып, салдарынан қаза тапқандардың саны 22-ге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Олардың 19-ы – балалар, 3-еуі – ересек адамдар (қатарында шабуыл жасағанның өзі бар).

Штат губернаторы Грег Абботтың айтуынша, адамдарға оқ жаудырған – тұрғын Сальвадор Ромас. Оны полиция қызметкері атыс барысында жер жастандырған. Қаскөй шабуылды жалғыз өзі жасаған. Оның мұндай әрекетке баруына не түрткі болғаны белгісіз.

CNN дерегі бойынша, ол бастауыш мектепке барар алдында 66 жастағы әжесіне оқ атқан. Қазір ол Сан-Антонио қаласының ауруханасында.

Ұлттық терроризмге қарсы операциялар орталығы "бұл оқиғаны террористік акт деп санауға негіз жоқ" деп мәлімдеді. Жергілікті қауіпсіздік органдары федералды, мемлекеттік және аймақтық серіктестермен бірлесе осы жайт бойынша жұмыс істеп жатыр. 

Табиғат Нұрболат

Фото: latimes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу