"Техникалық байқау" құжаты цифрландырылады

561

Енді жүргізушілерге бұл құжат түрінің қағаз нұсқасын өзімен бірге алып жүру қажеті болмайды.

"Техникалық байқау" құжаты цифрландырылады Фото: inbusiness.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп автокөліктің техникалық байқаудан өткенін куәландыратын құжатты цифрлы форматқа көшіру бойынша жұмысты бастады. 

"Техникалық байқаудың диагностикалық картасы" электронды үкіметтің мобильді қосымшасының жеке кабинетінде сақталатын болады.

Министрліктің мәліметінше, бүгінгі таңда IT мамандары арнайы сервисті әзірлеп жатыр. Интеграциялық жұмыстардан кейін осы қызметтің пилоттық нұсқасы 1 қыркүйекте EgovMobile платформасында іске қосылады.

Цифрлық құжаттардың заңды күші қағаз жүзіндегі нұсқасымен бірдей.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу