Техникалық тексеріс тазалығын қадағалау керек – Ерсұлтан Бектұрғанов

597

Депутаттың айтуынша кейбір компаниялар көлікті тексермей-ақ, техникалық байқаудан өткізе береді.

Техникалық тексеріс тазалығын қадағалау керек – Ерсұлтан Бектұрғанов

Депутат Ерсұлтан Бектұрғанов міндетті техникалық тексерістің тиімсіздігін тілге тиек етті. Оның айтуынша, кейбір компаниялар көлікті тексермей-ақ техникалық байқаудан өткізе береді.

Премьер-министрге сауал жолдаған мәжіліс депутаты "заңнаманың бұзылмауын қадағалау мақсатында техникалық қарап-тексеру операторларының жұмысын қадағалауды күшейту не техникалық тексерістен өту тәртібін алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне сүйене отырып өзгертуді" ұсынды.

Қулыққа басқан азаматтар қарап-тексеруді шартты түрде жүзеге асатын шараға айналдырғаны баршаға аян. Ерсұлтан Бектұрғанов тиімді тексеріс жүйесі әзірленгенше автокөліктерді техникалық тексерістен өткізуді тоқтатуға кеңес бергенін жарты жыл бұрын айтқанын еске салды.

Депутаттың сөзінше, содан бері жағдай еш өзгерген жоқ. Қазақстанда тіркелген 500 техникалық тексеріс операторының көбі тек құжатқа тиісті белгі қою үшін он минут ішінде не қашықтықтан, яғни WhatsApp арқылы жіберілген фотосуретке қарап тексерістен өткізе береді. Ал көлік иелері машинаның жағдайын тексеріп уақыт бөлгенше, ақша төлей салғанды жөн көреді. 2013 жылы Қазақстанда техникалық тексеріспен операторлардың 98 мың рет заң бұзғаны анықталды.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу