Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына бөлінетін қаржы көлемі артты

167

ҚР Үкіметі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа нормативін қабылдады.  

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына бөлінетін қаржы көлемі артты Фото: primeminister.kz

Қолданыстағы жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес, бір студентті оқытуға бөлінетін орташа қаражат 437 мың теңгені құрайды. Енді ол орта есеппен 912 мың теңге көлемінде болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандырушы төлем бөліктерінен тұрады. Ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі.

"Бұл жаңа қаржыландыру жүйесі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, колледждердің оқу-өндірістік шеберханаларында өндірілген өнімді сатылымға шығару механизмі қарастырылып жатыр. Өндірістен түскен табыс білім беру ұйымдарын дамытуға бағытталатын болады", - делінген ҚР Оқу-ағарту министрлігі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу