Техникалық және кәсіптік колледж студенттері арасындағы мықтыларды анықтайтын жаһандық жоба еліміздің 8 өңірінде ұйымдастырылды. Жарыс өз ісінің үздіктерін анықтап, шеберлік дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.
Додаға жалпы 70 мамандық бойынша 700 жас қатысты.
Атырау аймағына 17 облыстан 40-қа жуық студент жиналып, 5 мамандық бойынша шеберліктерін көрсетуде. Сайыс 4 күнге жалғасып, шымылдығы Нұр-Сұлтан қаласында жабылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу