Пәкістанның Карачи қаласында ерекше такси пайда болды. Тек әйелдерге қызмет көрсететін бұл көлікті тек әйел адам жүргізеді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
Әйелдер жолда ер такси жүргізушісімен оңаша қалмауы үшін осындай бастама қолға алынып отыр.
Жарқын қызғылт көлікте қызғылт орамал таққан жүргізушіге қарап, көліктің әйел адамға арналған такси екенін бірден аңғаруға болады. Көлікте жолаушыға теледидар көруге, сүйікті әуен тыңдауға немесе жай ғана айнаға қарап алуға жағдай жасалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу