Қазақ тіліндегі бұйрықты екі етпейтін Майлыбек атты иттің қылықтары жұртты тәнті етті

923

Иттің аты – Майло. Бірақ тек қана қазақша мультфильмдер көріп, қазақша әндерге ғана елең етіп, әнұранды естігенде, бір аяғын көтеріп қалшиып тұра қалатынына қызыққан жұрт "Майлыбек" атап кеткен.

Қазақ тіліндегі бұйрықты екі етпейтін Майлыбек атты иттің қылықтары жұртты тәнті етті Фото: @papa_mailo

Майлыбек күннен-күнге танымал болып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ең қызығы оған тек қазақ тілінде сөйлеп, бұйырса, өтініш айтса құйрығын бұлғаңдатып, айтқанын екі етпей орындайды.

Майлоның иесі – Алматы қаласының тұрғыны Темірлан Доспаев. Ресейден көшіп келген ол соңғы үш жыл Майло өзіне сенімді серік болғанын айтады.

"Жасым қазір 29-да. 26-ға толған кезімде достарым оны маған туған күніме тарту етті. Мұндайды күтпеген едім. Ол кезде Майлоға небәрі 4 ай толған еді. Тұқымы – парсон-рассел-терьер. Өз басым ит асырауды бала күнімнен армандап келдім. Джим Керри ойнаған "Маска" фильмін қызыға көретінмін. Бірақ өзімнің баспанам болғанда асырармын деп жүргенмін. Сыйға бергендіктен бас тарта алмадым", – дейді ол.

Сүйкімді төбеттің қылықтарына сүйсінген желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, таңданыстарын білдірді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу