"ТЭК-Қазақстан сауда үйі" ЖШС 1,6 млрд теңге айыппұл төледі

Жаза монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін тағайындалды.

"ТЭК-Қазақстан сауда үйі" ЖШС 1,6 млрд теңге айыппұл төледі Фото: inbusiness.kz

Тергеу көрсеткендей, ЖШС нарықтағы үстем жағдайын пайдалана отырып, өз қызметтеріне шамадан тыс жоғары баға белгілеген, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сайтына сілтеме жасап.

Монополияға қарсы агенттіктің назарына локомотивтерді жабдықтау бойынша қызметтердің (темір жолдар шекарасында дизельдік отынды қабылдау, сақтау және тарату) бағалары түсті.

2023 жылғы 20 сәуірде Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ЖШС-ға 1,6 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. 2023 жылғы 24 мамырда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырды.

Бүгінгі күні ЖШС сот анықтаған айыппұлды төледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу