Тек ресейлік университеттердің филиалы ашылады деген сөз жоқ – министр

1165

Білім және ғылым министрді Асхат Аймағамбетов журналистердің "Ресейдің бес университетінің филиалы қашан ашылады?" деген сұрағына жауап берді.

Тек ресейлік университеттердің филиалы ашылады деген сөз жоқ – министр

"2025 жылға дейін шетелдік оқу орындардың бес филиалы ашылады. Тек Ресейдің ғана оқу орындарының бөлімшелері ашылады деген сөз жоқ. Жұмысты бастап кеттік. Мысалы, Алматы қаласында De montfort университетінің филиалы ашылып қойды. Өте ыңғайлы болды. Өйткені Ұлыбританияға барып оқыса жол ақысы, оқу ақысы жоғары болады. Дәл сол дипломды өз елімізде жүріп алуға болады", – дейді Аймағамбетов.

Оның айтуына қарағанда, шетелдік оқу орындарымен тек келіссөз жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Индия елдері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу