Текелі қаласында киік мүйіздерінің заңсыз саудасы әшкереленді

102

Жетісу облысы Текелі қаласының аумағында киік мүйіздерін заңсыз сатумен айналысты деген күдікпен теміртаулық тұрғын ұсталды.    

Текелі қаласында киік мүйіздерінің заңсыз саудасы әшкереленді Фото: polisia.kz

Subaru автокөлігін тінту барысында скотчпен оралған 3 қорап табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қораптардың ішінен 300-ден астам киік мүйізі табылып, тәркіленді. Айғақ заттар сот сараптамасына жіберілді.

"Алдын ала есептеулер бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 539 миллион 667 мың теңгені құрады", - деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, браконьерлік үшін жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сонымен қатар мүлікті тәркілеу және белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға бес жылға дейін тыйым салу түріндегі қосымша жаза да қарастырылған.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тергеуді жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу