Текеліде туризм қарқынды дамып келеді

929

Текеліде туризм қарқынды дамып келеді

Текелі қаласындағы "Текесу" туристік кешен құрылысының жобасын жүзеге асыруға 159,6 млн теңге тартылып, игерілді. Қазіргі кезде бұл аумақта 400 метрлік және 800 метрлік сырғанақ жолы, баллонмен, шанамен сырғанауға арналған жолы бар туристік базаның құрылысы аяқталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар мұнда қыс мезгілінде шаңғы және сноубордта сырғанау, жазда тау велосипедімен экстремалды сырғанау жолдарын төсеу жұмыстары бітті. Бұл туралы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев халық алдында есеп беру жиынында айтты.

Текеліде, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер туризмі бойынша тау, спорттық және өлкетану бағытындағы туризм орталығы жұмыс істейді.

Мұнда мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебі жұмыс істеп, ондағы секцияларда 600-дей бала жаттығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу