Мемлекеттік аттестациялау кезінде өңірдегі оқу ордаларының 92 пайызынан кемшіліктер анықталған. Оған ғимараттың тарлығы, санитарлық-тазалықтың дұрыс сақталмауы, оқу құралдарының жетіспеуі және мұғалімдер тәжірибесінің біліктілік санатына сәйкес келмеуі себеп.
Арнайы жүргізілген тексеріс кезінде облыстағы 14 білім беру ұйымында ғана ортақ талаптардың қатаң сақталғаны белгілі болды. Өңірде жалпы саны 366 мектеп бар. Бүгінгі таңға дейін оның жартысына жуығы ғана тексеруден екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу