Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Тель-Авивтегі әлемдік Гран-при бәсекесіне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесі бойынша лицензиялық Гран при-турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай қосылмақ. Жеңімпаз 700 ұпайға ие болса, екінші орын алған спортшы – 490, үшінші орын иегеріне 350 ұпайдан беріледі.
Жылдың алғашқы додасына әлемнің 88 елінен 623 дзюдошысы жиналады деп жоспарлануда.
Аталған бәсекеде Қазақстан намысын 20 дзюдошы қорғайды. Ерлер:
Мағжан Шамшадин (-60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)
Елдос Жұмақанов (-66 кг)
Ерлан Серікжанов (-66 кг)
Жансай Смағұлов (-73 кг)
Серік Ақылбек (-73 кг)
Дидар Хамза (-81 кг)
Руслан Мұсаев (-81 кг)
Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг)
Айбек Серікбаев (-100 кг)
Виктор Демьяненко (-100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)
Ғалымжан Қырықбай (+100 кг)
Әйелдер:
Ақмарал Науатбек (-48 кг)
Анна Казюлина (-52 кг)
Севара Нишанбаева (+57 кг)
Мөлдір Нарынова (-70 кг)
Зере Бектасқызы (-70 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)
Назгүл Маратова (+78 кг)