Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Тель-Авивтен Алматыға көтерілген ұшақ туралы ақпарат берді.
"Бүгін, 10 қазанда, Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Тель-Авивтен (Израиль) Қазақстанға репатриациялық рейс ұшты, бортында 166 жолаушы бар, оның 124-і Қазақстан Республикасының азаматы және 42-сі шетел азаматы", - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram-каналында жарияланған хабарламада.
Ұшақ бүгін кешке Алматыға келеді деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу