Тель-Авивтің орталығында үлкен жарылыс болды

115

Жарылыс Бен-Йехуд пен Шалом-Алейхем көшелерінің қиылысында болған деп болжанады. 

Тель-Авивтің орталығында үлкен жарылыс болды Фото: eadaily

Тель-Авив тұрғындары қалада болған жарылыс туралы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты Jerusalem Post газетіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына жақын жерде тұратын тұрғындар жарылыстың салдарынан үйлерінде ыдыстар сынғанын айтады. БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыстан бір ер адам мен әйел жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

Жарылыстың себебі әлі белгісіз.

Сонымен қатар, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары жарылыс АҚШ елшілігінен 100 метр қашықтықта дрон ұшып бара жатқанда болған деп хабарлайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу