Теле және радио хабарларын тарату саласында 87,2 млрд теңгеге қызмет көрсетілді

2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көрсету көлемі 7,2%-ға төмендеді. 

Теле және радио хабарларын тарату саласында 87,2 млрд теңгеге қызмет көрсетілді Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша бағдарламаларды дайындау және телерадио хабарларын тарату бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі 87,2 млрд теңгені құрады.

2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көрсету көлемі 7,2%-ға азайды.

Қызметтердің негізгі үлесі телевизиялық бағдарламаларды құру және трансляциялау бойынша – 81,7 млрд теңге, радио хабарларын тарату бойынша 5,4 млрд теңгеге көрсетілді.

Қызметтердің 91%-ы Астана (45,6 млрд) және Алматы (34,9 млрд) қалаларында көрсетілген. Облыстар арасында телерадио хабарларын тарату және бағдарлама жасау сегментіндегі қызметтердің ең көп көлемі Қызылорда (645,5 млн) және Қарағанды (548,7 млн) облыстарында байқалды. Қызметтің ең азы Алматы облысында көрсетілген – 7,8 млн теңге.

Кәсіпорындар көрсеткен қызметтер көлемі 86,6 млрд теңгені құрады,оның ішінде шағын кәсіпорындар үлесіндегі көлем – 22,6 млрд теңге, ірілерде — 47,3 млрд теңге, орташада — 16,7 млрд теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу