Tele2/Altel катарлықтарға 1 миллиард долларға сатылатын болды

257

Tele2 5G базалық станцияларын салуға міндеттеме алады. 

Tele2/Altel катарлықтарға 1 миллиард долларға сатылатын болды Фото: tele2

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев сатып алушы "осы ұялы байланыс операторының жоспарлары мен міндеттемелеріне сәйкес" базалық инфрақұрылымға инвестиция салатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Катарлықтар келісім бойынша, 5G инфрақұрылымына нақты қанша инвестиция салуы керек деген сұраққа министр жөнді жауап бере алмады. Мәдиев тек барлық ұялы байланыс операторларының инвестициясының жалпы сомасын атады. Айтуынша, алдағы бес жылда кемінде 1 миллиард доллар.

Қазақстанда Tele2 және Altel брендтерімен жұмыс істейтін "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-нің сатып алушысы "Qatar Power International Holding".

"Самұрық-Қазына" қоры мен оның еншілес ұйымы "Қазақтелеком" аталған холдингпен 2024 жылдың ақпан айында ортақ келісімге келді. Катарда Тоқаев пен Катар әмірі телекоммуникация саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу