"Теле2" Қазақстандағы үлесін сатады

1183

"Теле2" –  еуропалық байланыс операторларының бірі. Оның штаб-пәтері Швецияның Стокгольм қаласында орналасқан. 2012 жылдың 29 сәуірінде "Tele2" Атырау облысында ұялы байланысын іске қосты. Осыдан кейін оператор Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істей бастады.

"Теле2" Қазақстандағы үлесін сатады

Еуропалық "Теле2" ұялы байланыс операторы Қазақстандағы барлық үлесін сататынын жариялады. Бұл туралы "Теле2" брендіне ие "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясының баспасөз хатшысы Олжас Бибанов ҚазАқпарат.

"Қазіргі уақытта "Теле2" "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлескен кәсіпорындағы өз үлесін сататынын мәлімдеді және оны "Қазақтелекомға" жолдады. Бұл, 2016 жылдың наурыз айында бірлескен кәсіпорын құру кезінде қарастырылған болатын. Яғни компанияға өз үлесін сату құқығы берілген. Бірлескен кәсіпорынның келісімшартында мобильдік нарықтағы бәсекелестік туралы ереже бар. "Қазақтелеком" АҚ-ның "Kcell"-ді сатып алуы біздің бұл шешімізді тездетті", –  деді Олжас Бибанов.

Оның айтуынша, бірлескен кәсіпорындағы "Теле2" тобының үлесі - 49%, тиісінше, "Қазақтелеком" үлесі 51% құрайды. Ал "Теле2"-нің үлесін сату туралы келісім 6 ай бойы талқыланатын болады. Атап өтілгендей,  бұл процедуралар ұялы байланыс операторының абоненттеріне кері әсерін тигізбейді.

"ния Абоненттерге қауіптенетін ештеңе жоқ. Себебі мобильдік компаҚазақстанда қалады. "Теле2" атауын қалдыру-қалдырмау мәселесі де алдағы жарты жылда шешіледі. Компания тарифтік саясатты қалыптастыруда абоненттердің мүддесін және нарықтық жағдайды ескеретін болады. Шын мәнісінде, тарифтер өте күрделі мәселе. Олардың бағасы желіні дамыту, желіні құру және жаңа технологияларға тікелей байланысты болады. Мәселен, 5G технологиясы келсе, соған сай жабдықтар қажет етіледі. Бұл, тариф саясатына әсер етпей қоймайды. Телекоммуникация сынды бәсекелестік жоғары нарықта тариф бағасын болжаудың өзі қиын. Себебі технологиялар қарыштап дамып келеді. Екі жыл бұрын айына 5 Гбайт тұтынған абоненттерге қазір 15-20 Гбайт жеткіліксіз. Үш жылдан кейін әр тұтынушы 150 Гбайт қолдануы да мүмкін. Яғни тариф бағасы абоненттердің сұранысына тығыз байланысты", – деп толықтырды О. Бибанов.

Сондай-ақ ол әлеуметтік тариф құру жоспарына қатысты айтты.

"Қазіргі уақытта бұл тарифті қалыптастыруды бастадық. Шарттары нақтыланатын болады. Бұл, нағыз базалық тариф болады. Яғни, ол мобильдік трафикте артықшылықтарды қажет етпейтін, тек байланыста болуды қалайтындарға арналған. Тариф әсіресе, зейнеткерлерге, ата-анасымен үнемі байланыста болатын мектеп оқушыларына тиімді болмақ", – деді Олжас Бибанов.

Айта кетейік, "Теле2" –  еуропалық байланыс операторларының бірі. Оның штаб-пәтері Швецияның Стокгольм қаласында орналасқан. 2012 жылдың 29 сәуірінде "Tele2" Атырау облысында ұялы байланысын іске қосты. Осыдан кейін оператор Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істей бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу