Tele2 ұялы байланыс операторы желідегі абоненттердің жаппай наразылығын тудырған байланыс пен Интернеттің үзілуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Құрметті абоненттер! Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты ұялы байланыс үзіліп, уақытша Интернетке шығу мүмкіндігі шектелуі мүмкін. Желідегі ақаулар жақын арада жойылады. Келтірілген қолайсыздық үшін шын жүректен кешірім сұраймыз", - делінген оператордың ресми сайтында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу