Телефон алаяқтарының қоңыраулары автоматты түрде бұғатталады

536

Алаяқтар әдетте шетелден қоңырау шалады, бірақ қазақстандықтар отандық нөмірлер көрінеді. 

Телефон алаяқтарының қоңыраулары автоматты түрде бұғатталады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс операторларымен бірге телефон алаяқтарынан түскен қоңырауларды автоматты түрде бұғаттаудың жолын қарастырып жатыр. Бұл туралы журналистерге Үкімет кулуарында ведомство басшысы Бағдат Мусин айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Министр түсіндіргендей, алаяқтар әдетте шетелден қоңырау шалады, бірақ қазақстандықтар отандық нөмірлер көрінеді. Әдейі ауыстырып жібереді. Сондықтан жүйелер шетелдік қоңырауларды оқып, оларды бұғаттайтын болады.

"Телеком-операторлармен бірлесіп, ауыстырылған нөмірлерді бұғаттау үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деді Мусин.

Екі оператор осындай технологияны тестілеуден өткізіп көрген. Барлық қажетті жұмыстар жүргізілгеннен кейін жүйе біріктіріліп, іске қосылады. 

Сонымен бірге стационарлық телефондар арқылы да алаяқтардың жолын кесу үшін "Қазақтелекоммен" бірге жұмыс бастау жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу