Телефондағы әңгімеңді үшінші біреудің тыңдауына жол бермейтін сим-карта ойлап табылды

805

Телефондағы әңгімеңді үшінші біреудің тыңдауына жол бермейтін сим-карта ойлап табылды

Brass Horn Communications деп аталатын стартап жобасының шығарған сим-картасы арқылы жасырын сөйлесуге мүмкіндік бар. Арадағы әңгімені де, хаттарды да ешкім тыңдап, көре алмайды, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Бұл жобаның негізін қалаған Гарет Левелин сим-картаны саудағы шығарып қана қоймай, мұқым Англияны қамтығысы, тіпті шет елдерге шығарғысы келеді.

"Ең әуелі ерекше сим-картаны журналистер, информаторлар және басқа да өмірі қауіп-қатерге толы мамандық иелері ұстаса" - , дейді өнертапқыш.

Айта кетейік, бұл жоба TOR технологиясының арқасында іске асқан. Ал аталмыш технология Android-тың базасында жуықта ғана пайда болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу