Қазақстанда азаматтар енді банк, мемлекеттік органдар және қызмет көрсетуші компаниялардан келетін ресми қоңырауларды оңай ажырата алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, телекоммуникация саласындағы заңнамалық өзгерістер аясында ұялы байланыс желілерінде қоңырауларды арнайы таңбалау тетігі енгізіледі. Соның арқасында телефон экранында қоңырау шалған ұйымның атауы көрсетіледі. Мысалы, "Банк" немесе "Toyota Center" деген белгі шығып тұрады.
Вице-министрдің сөзінше, бұл жаңашылдық азаматтарға ресми қоңырауларды алаяқтардың жалған хабарласуынан ажыратуға мүмкіндік беріп, телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алуға ықпал етеді.
Бұдан бөлек, заңнамалық өзгерістер интернетке қол жеткізу, IP-телефония және транкингтік байланыс қызметтерін лицензиялауды қарастырады. Сондай-ақ байланыс операторларының жарнамалық және ақпараттық хабарламаларынан, автоматты қоңырауларынан бас тарту мүмкіндігі енгізіліп, ақылы байланыс қызметтерін қосу тәртібі де жаңартылады.
Телекоммуникация саласына қатысты жаңа заң биылғы тамыз айының соңында күшіне енеді.