Автобус жүргізушісі көлік құралын басқарып келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы әйелді қағып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жүргізуші оқиға кезінде ұялы телефон арқылы сөйлескен отырғаны анықталды. Жәбірленуші алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан ауруханада қайтыс болды.
Сот үкімімен оған 2 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу