Телефонға "жұтылған" балалар...

894

Қытайда балалардың смартфон ұстауы шектелмек.

Телефонға "жұтылған" балалар...

Күншығыс елінде жасөспірімдер арасында интернетке тәуелділік пен көздің нашар көруі дендеп кеткен. Яғни, шығыстағы көршіде 16 мен 18 жас аралығындағы азаматтарға күніне 2 сағат, ал 8-ден 16 жасқа дейінгі балаларға 1 сағат қана телефон ұстауға рұқсат беру ұсынылып отыр. Мұндай жаңашыл талап Қазақстанда да енгізілуі мүмкін бе? Смартфонның біздің бүлдіршіндерге әсері қандай?

Қытайдағы шектеу заңдастырылса, онда біраз ірі мобильдік қосымшалар шаш етектен шығынға ұшырайды екен. Өйткені аспан асты елінің жартысынан көбі, яғни 668 миллион адам ойынға тәуелді. Елде бірінші жарты жылдықта ойын нарығы 177 млрд юань табыс тапқан. Сондықтан қытайлықтар ұсынып отырған шектеу жүзеге асырыла ма, жоқ па әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу