Полиция басқармасына қаланың 61 жастағы тұрғыны жүгінген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол өзінің атына бөгде адамның несие рәсімдегенін айтқан.
"28 қаңтарда 1997 жылы туған күдікті Орал аумағында ер адамнан "қоңырау шалу" деген сылтаумен ұялы телефон сұраған. Жәбірленушінің сеніміне кіре отырып, қаскүнем оның атына 725 362 теңге сомасында қашықтан несие рәсімдеген", – дейді полициядағылар.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу