Telegram адвокаттары сот шешіміне қарсы шағымданып жатыр

914

Telegram адвокаттары сот шешіміне қарсы шағымданып жатыр

Telegram адвокаттары мессенджерді тез арада бұғаттау жөніндегі сот шешіміне қарсы шағымданып жатыр. Заңгерлердің пікірінше, сотта бірде-бір нақты дәлел айтылмаған. Осылай деп "Агора" адвокаттар тобының өкілі Павел Чиков мәлімдеді, деп хабарлайды Abai.kz

Роскомнадзордың әрекетіне қарамастан, бұғаттаудың бірінші күні Ресейдегі Telegram қолданушыларының саны азайған жоқ. Бұл туралы мессенджердің иесі Павел Дуров айтты. Оның сөзінше, ресейліктер бұғаттауды айналып өту үшін VPN мен прокси-сервер қолданып жатыр.

Telegram-ды Ресейде Федералды қауіпсіздік қызметіне қолданушылар хаттарының шифрлау кілтін бермегені үшін бұғаттап жатыр.

16-сәуірде Ресейде сот шешімімен Telegram мессенджері бұғаттала бастаған. Роскомнадзор сонымен бірге тыйым салынған сайттарға кіру құралдарын да бұғаттайтынын мәлімдеді.

7-сәуірде Роскомнадзор Ресейде тыйым салынған Telegram мессенджерін App Store мен Google Play интернет дүкендерінен өшіруді де талап етті.

Ресей бойынша Telegram қолданушыларының саны - 15 миллион. Бұл әлемдегі месенджерге тіркелгендердің 7 пайызын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу