Telegram арқылы алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатыр

273

Бұл туралы Ресей ІІМ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды заңсыз пайдалануға қарсы күресті ұйымдастыру басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Telegram арқылы алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатыр Фото: Baigenews

Алаяқтардың құрығына ең әуелі Android операциялық жүйесіне негізделген құрылғылардың иелері түсе бастауы мүмкін. Алаяқтар оларға Telegram арқылы сурет ретінде АРК-файлдар түрінде вирустар жібере бастады. 

Басқарманың Telegram-арнасы алаяқтардың пайдаланушыға жіберетін "сурет" пен хабарлама үлгісі көрсетілген.

Киберқылмысқа қарсы күресушілер азаматтарға суреттерде APK кеңейтілімі болмайтынын, бұл олардың зиянды бағдарламалық жасақтамадан айырмашылығы екенін ескертеді

"Егер сізге осындай хабарлама келетін болса, файлдарды жүктемеңіздер", – деп хабарлады Ресей ІІМ-нің тиісті басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу