Telegram мессенджерінің мүмкіндіктері келесі жаңартулар пакетінің шығуымен кеңейе түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ауқымды жаңарту туралы компания блогынан белгілі болды.
Бұл жолы мамандар ақылы фотосуреттер мен бейнежазбалар арқылы мазмұнды монетизациялауға баса назар аударғаны атап өтілді, оларды мессенджердің ішкі валютасы – "жұлдыздар" (Stars) арқылы сатуға болады.
"Авторлар жұлдыздарды toncoin криптовалютасында сыйақы алу үшін немесе өз арналарын жарнамалау және одан да көп жазылушыларды тарту үшін пайдалана алады – барлығы Telegram тарапынан ешқандай комиссиясыз", - делінген хабарламада.