Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі басқарма басшысының орынбасары Андрей Давыдов мәлім етті.
"Жыл басынан бері интернет ресурстарды тексеруге арналған бот іске қосылды. Қаржы мониторинг агенттігі әзірлеген Telegram-бот азаматтарға қаржы пирамидаларын анықтауға көмектеседі. Бұл оларды алаяқтық схемалардан сақтайды. Қазірдің өзінде өнім сұранысқа ие екені белгілі болды. Жыл басынан бері қазақстандықтардан 2,5 мың рет аталған жүйе қызметін пайдаланды", – деді спикер.
Telegram-ботқа @BAIQApiramidaBOT сілтемесі арқылы өтіп, сайтты немесе қандайда бір интернет ресурсты тексеруге болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу