Павел Дуров мессенджерді видеоплатформаға айналдыруға ниетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Telegram-да жарияланған жазбасында кәсіпкер қазіргі таңда видеолардың ұзақ жүктелетіні көпке ыңғайсыздық туғызатынын айтты.
Енді жаңартудан кейін Telegram серверлері видеоларды автоматты түрде қысып, түрлі сападағысын таңдауға мүмкіндік береді. Интернет жылдамдығына байланысты ең қолайлы видео сапасын автоматты түрде таңдайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу