Әлемдегі ең танымал мессенджерінің бірі Telegram-ды жасаушы Павел Дуров қызметтің белсенді пайдаланушыларының санын атады. Бұл туралы ол өзінің арнасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Telegram айына 950 миллион белсенді қолданушыға жетті. Миллиардқа аз қалды", — деп жазды Дуров.
Ол көктемде бүкіл әлем бойынша 900 миллион қолданушы болғанын атап өтті.
2022 жылдың маусымында Telegram әлемдегі ең көп жүктелген бес қосымшаның қатарына енді. Пайдаланушылар саны бойынша мессенджер тек WhatsApp-қа есе жіберіп, әлемде екінші орынға ие болды. 2024 жылдың наурызында Дуров Telegram-ды әлеуетті инвесторлар $30 млрд бағалағаны туралы хабарлады.