Telegram мессенджері DDoS-шабуылға тап болды, бұл оның жұмысына кедергі келтіруі мүмкін екені мессенджердің ресми Twitter-аккаунтында жарияланған хабарламада айтылған.
"Тап қазір қуатты DDoS-шабуылға тап болдық. Америка елдеріндегі және басқа елдердегі кейбір қолданушылар мессенджерге қосыла алмауы мүмкін", - деп хабарлайды Telegram.
Қазір сайттар жұмысындағы ақауларды қадағалап отыратын DownDetector сайты Telegram-дағы проблемалар туралы шағымдардың бар екенін нақтылап отыр. Олардың басым бөлігі Брапзилия мен АҚШ-тан келіп түсуде. Сондай-ақ Еуропадағы қолданушыларда да қиындық бар екені байқалады.
Қолданушылар мессенджер жұмысындағы қиындыққа 11 маусым күні де шамыданған.