Қазақстанда кешеден бері Telegram мессенджері жөнді жұмыс істемей қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
1 мамырда кештен бастап көптеген қолданушылар Telegram-ның дұрыс жұмыс істемейтініне шағымданған.
downdetector.com сайтының дерегінше, Telegram жұмысына қатысты келіп түскен шағымдардың дені 1 мамырда сағат 22.00-ге тұспа-тұс келді. Есеп бергендердің 57% серверлерге шағым айтса, 13% хабар жіберу мен қабылдау мүмкін еместігін жеткізген. 2 мамырда сағат 14.00-дегі жағдайға сай, мессенджер әлі де жұмыс істемей тұр.
Telegram жұмысындағы ақаулыққа негізінен Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Семей, Павлодар, Петропавлов қалаларының тұрғындары шағым жолдаған.
Редакция жағдайды түсіндіруді сұрап салалық министрлікке сауал жолдады.