Жаңа мүмкіндіктер қазірдің өзінде әртүрлі мобильді платформаларда қол жетімді, деп жазады inbusiness.kz hi-tech-ке сілтеме жасап.
1. Хабарламаларды бұғаттау
Енді пайдаланушылар контактілердің нақты қайсысы жеке хабарлама жібере алатынын таңдай алады. Бұл функция мазаңызды алатын бейтаныс адамдар мен жарнамалық спам-боттардан құтылу үшін қажет. Әзірге бұл мүмкіндік тек Premium қолданушыларға ғана қол жетімді.
Сонмен қатар Premium жазылушылары басқа адам бұғаттаса да, хабарлама жібере алады.
2. Хабарламаның оқылған уақытын қарау
Бұрын пайдаланушылар екі көк құсбелгі арқылы басқа адамның олардың хабарламасын оқығанын біле алатын. Енді әңгімелесуші пайдаланушының хатты қашан оқығанын да көруге болады. Мұны істеу үшін хабарламаны басу жеткілікті — уақыт реакциялардың астында пайда болады.
Инновация Premium иелері үшін де, қарапайым пайдаланушылар үшін де қол жетімді.
3. Соңғы рет кірген уақыты
Бұрын, егер пайдаланушы Telegram-ға кіру уақытын жасырғысы келсе, ол басқа адамдардың желіде отырғанын бақылай алмайтын.
Енді Premium пайдаланушылары басқалардың әрекетін көру мүмкіндігін жоғалтпай, өз кірген уақыттарын жасыра алады. Алайда, егер экранның арғы жағындағы пайдаланушы оны көруге тыйым салса, соңғы кіру уақыты көрсетілмейді.