Telegram Оңтүстік Корея елінен кешірім сұрады

260

Оңтүстік Корея Telegram-ға қарсы тергеу жүргізіп жатқан болатын.

Telegram Оңтүстік Корея елінен кешірім сұрады Фото: Pixabay

Telegram Оңтүстік Корея елінен порнографиялық материалдардың таралуына тосқауыл қоймағаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

"Telegram Оңтүстік Кореядағы тергеу аясында өз платформасында порнографиялық материалдардың таралуын тоқтата алмағаны үшін кешірім сұрады. Бұл Оңтүстік Корея полициясы Telegram-ға шифрланған хабар алмасу платформасында жасанды интеллект арқылы жасалған жасөспірімдердің ашық суреттерімен қоса дипфейк деп аталатын порноның таралуына "көмектесті" деп тағылған айыппен байланысты", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу