Telegram ресми түрде Astana Hub қатысушысы атанды

306

Бұл ақпарат хабтың ресми сайтында жарияланды.  

Telegram ресми түрде Astana Hub қатысушысы атанды Фото: digitalbusiness.kz

Telegram Орталық Азиядағы жетекші инновациялық кластері Astana Hub-тың қатысушысы мәртебесін алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Telegram – деректер қауіпсіздігі, тұрақтылық, жылдамдық пен ауқымдылыққа басымдық беретін тәуелсіз технологиялық платформа. Бүгінде ол әлем бойынша ең көп жүктелетін бес қосымшаның қатарында. Ай сайын платформаға бір миллиардтан астам белсенді қолданушы кіреді.

– Telegram ішіндегі Mini Apps веб-қосымшалары арқылы түрлі сервис, маркетплейстер мен ойындар құруға болады. Бұл құралдар ай сайын 500 миллионнан астам қолданушыны тартады. 2024 жылы компания ішкі валюта –Telegram Stars-ты іске қосты. Қосымша әзірлеушілері бұл валютаны Toncoin-ге айырбастай алады. Платформа цифрлық қауіпсіздік қағидаттарына адал, яғни тіркелу кезінде жеке дерек талап етілмейді, бастапқы коды ашық, ал шифрлау хаттамасы аудитке қолжетімді, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Astana Hub экожүйеге қосылу арқылы Telegram үшін бірлескен жобаларды іске асыруға, тәжірибе алмасуға және ішкі әрі жаһандық нарыққа арналған цифрлық өнімдерді дамытудың жаңа мүмкіндігін ұсынып отыр. 

Айта кетейік, былтыр маусым айында Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің шақыруымен Қазақстанға келді. Сапар аясында ол Astana Hub-ты аралап, кластер инфрақұрылымымен, IT-компанияларға арналған қолдау бағдарламаларымен және жергілікті нарықтың әлеуетімен танысты. Нәтижесінде Telegram-ның ресми кеңсесі Astana Hub аумағында ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу