Telegram-топ арқылы кибербуллинг пен құмар ойындарын насихаттау фактілері әшкереленді

941

Балалар мен жастар арасында интернет пен құмар ойындарына тәуелділік өршіп тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көрген зерттеуге сілтеме жасап. 

Telegram-топ арқылы кибербуллинг пен құмар ойындарын насихаттау фактілері әшкереленді

"Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" бірлесіп жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жоба аясында мамандар интернет пен құмар ойындарына тәуелділік және кибербуллингке қатысты ұсыным әзірледі. Олар жағдайды дұрыстау үшін кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс пен толықтыру енгізу қажет екенін алға тартты. 

Белгілі болғандай, әлеуметтік жоба аясында өңірлердің 14-35 жас аралығындағы 1 мыңнан астам тұрғыны интернет-тәуелділік, кибербуллинг және құмар ойындарына әуестік бойынша арнайы курстан өтті. Ел аумағында 31 фокус-топ құрылып, 230 оқушыны назарға алынды. Telegram-топтар ашылып, өңірлердегі кибербуллинг пен құмар ойындарын насихаттау фактілері әшкереледі. 

"Білім және ғылым министрлігі құмар ойындарын насихаттайтын сайттарды бұғаттап жатыр. Балалар мен жасөспірімдердің интернетті шектен тыс пайдалануы олардың денсаулығына, психлогиясына және өміріне қауіп төндіреді. Интернетке, құмар ойындарына тәуелділіктің салдарынан ата-аналарын тыңдамайтын, қоршаған ортаға қатыгездік танытатын ұрпақ пайда болып жатыр. Олар өздерінің де, өзгенің де басын қатерге тігеді. Бұл қазіргі қоғамның дертіне айналып келе жатқан құбылыс. Оның тамырына балта шабу қажет", – деді заң ғылымдарының докторы, профессор Айжан Жатканбаева. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу