Телеграмның негізін қалаушы Павел Дуров босап шықты

180

Павел Дуровқа қандай айыптар тағылды?

Телеграмның негізін қалаушы Павел Дуров босап шықты Фото: avesta.tj

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров бостандыққа шықты. Енді оның ісі сотқа жіберілетін болды. Париж прокуратурасының мәліметінше ол жерде оған айып тағылуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

– Тергеуші Дуровты қамаудан босатып, оған айып тағу үшін сотқа беруді бұйырды, – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Айта кетейік, осыған дейін Павел Дуровқа 12 түрлі айып тағылған болатын.

Париж прокуратурасы Павел Дуровқа тағылуы мүмкін 12 айыпты тізіп айтқан, оның ішінде құзырлы органдарға ақпарат беруден бас тарту, алаяқтық пен есірткі сатуға қатысының болуы, балалардың порнографиялық видеоларын сақтауға, киберқылмыстарға, ақша жылыстатуға қатысуы және т. б. бар.

Сондай-ақ, Дуровтың қамауға алынуы Telegram рейтингісін жақсартты.

Басылымның мәліметінше, Telegram АҚШ-тың үздік мобильді қосымшалары (ойындарды қоспағанда) рейтингінде 18-орыннан 8-орынға көтерілді. Бұл АҚШ-тағы кем дегенде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бергі ең жоғары рейтинг.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу